в

Шығыс Қазақстанда есірткі сақтағаны үшін сотталған екі адам ақталып шықты

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, П. есімді ер адам мен И. есімді әйел ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі мен психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотталған болатын.

Оларға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда айыпталушылар бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

«Анықталғандай, пәтер мен гаражды тінту кезінде тергеушінің қасында куәгерлер болмаған. Яғни, психотроптық заттар табылған кезде тергеуші іште жалғыз болып, өз әрекеттерін бейнекамераға түсірмеген. Сондай-ақ сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардан П. мен И.-дің биологиялық іздері табылмады», — делінген ақпаратта.

Сондықтан апелляциялық сот айыпталушылардың кінәсі дәлелденбеді деп танып, оларды ақтап шығарды.

Лжеполицейских, занимающихся вымогательством и мошенничеством, задержали в Казахстане

Семь проектов по ремонту дорог реализовали в этом году в Глубоковском районе