в

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде 15 қарашадан бастап қар көшкіні жүруі мүмкін.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«15 қарашадан бастап метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Более 50 километров дорог отремонтировали в Зайсанском районе в текущем году

Акимат ВКО и Народный комитет провинции Бак Нинь Социалистической Республики Вьетнам подписали меморандум о взаимопонимании