в

ШҚО-да ер адам баласына 10 млн теңгеден астам алимент төлемеген

Өскемен қаласында полицейлер алимент төлемейтіндерді іздестіру жұмыстары барысында 2011 жылдан бері кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеген 40 жастағы ер адамды анықтаған. Қарыз сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

— Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздестіру жарияланған. Тәртіп сақшылары борышкердің қайда екенін анықтады. Енді жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 35 алиментшіні анықтады.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтару тек қаржылай шығынға ғана емес, қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Жителей многоэтажки в Усть-Каменогорске встревожили ремонтные работы

Международные эксперты высоко оценили развитие реабилитологии в Казахстане