ШҚО тұрғындары биыл архивтерге 37 мыңнан астам сұраныс берген

Осы жылдың 10 айында облыстың архив мекемелері 37 113 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайнар Шаянбаева мәлімдеді.

Сұраныстардың басым бөлігі, нақты айтқанда 22 356 сұраныс (60,2%) – электрондық үкімет порталы арқылы орындалды, бұл цифрлық сервистердің басымдығын көрсетіп отыр. Тағы 13 932 сұраныс (37,5%) облыстық архив арқылы арнайы автоматтандырылған жұмыс орындарында өңделді. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 825 қызмет көрсетілді (2,2%).

Сұраныстардың едәуір бөлігі әлеуметтік-құқықтық мәселелерге қатысты болды. Олар еңбек өтілін, жалақыны, отбасылық жағдайды растау, репрессия және реабилитация туралы ақпарат алуға байланысты.

— Архивтерде осы мәліметтердің қолжетімділігін арттыру үшін құжаттарды цифрландыру және оларды 2021 жылы өндірістік қолданысқа енгізілген «Е-Архив» жүйесіне жүктеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 113 мыңнан астам сақтау бірлігі цифрлық форматқа көшірілді, бұл аймақтағы архивтерде сақталған барлық құжаттың 7,2%-ын құрайды, — дейді Жайнар Шаянбаева.

Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік архивтерде электрондық үкімет порталы арқылы өз бетімен сұраныс жіберуге немесе қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары да құрылған.

 

Новые статьи

США и Иран договорились о прекращении огня – генсек ООН приветствовал соглашение

Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш приветствовал сообщение о мирном соглашении между Соединенными Штатами и Ираном. Документ предусматривает немедленное и постоянное прекращение огня, возобновление судоходства...

Мир может потерять 25 лет прогресса в борьбе с ВИЧ

Новый доклад Объединенной программы ООН по ВИЧ/СПИДу (ЮНЭЙДС) показывает: мировая борьба с ВИЧ вошла в самый тяжелый период за последние десятилетия. Причины звучат не...

Международный валютный фонд отметил устойчивость экономики Казахстана

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с главой миссии международного валютного фонда по Казахстану Аминой Лареш. Она приступила к работе на этой должности в...
00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...