в

Өскеменде Күршім және Марқакөл аудандарының мәдени күндері өтіп жатыр

Дәл қазір облыстық филармония залында Өскемен тұрғындары мен қонақтары үшін Күршім мен Марқакөл аудандарынан келген өнерпаздардың концерті өтіп жатыр. Үздік шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетіп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырып, керемет көңіл-күй сыйлауда.

Жаңадан құрылған Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешевтың айтуынша, музыкалық талант адамға туабітті беріледі. Әкімнің өзі де сырнайда ойнап, көпшілікті тәнті етті. Концерттің алдында фойеде қолөнер көрмесі қойылып, халық өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып алғанын да айта кеткен жөн.

Ал ертең Өскеменде осы екі ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, жұртшылық ет, көкөніс, бал және басқа да өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.

В Усть-Каменогорске проходят дни культуры Курчумского и Маркакольского районов

Подсудимый пожаловался на завышенные цены на социально значимые продукты в следственном изоляторе