Шығыс Қазақстанда Маңғыстау облысының суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Атадан қалған асыл тін» атты ауқымды көрме-жәрмеңкесі ашылды. Ондағы мақсат – батыс өңірінің өнерін таныстыру, шығармашылық сала өкілдеріне қолдау көрсету.
Өскеменге кенептер, зергерлік және қолөнер бұйымдары, этностильдегі ересектер мен балалар киімдерінің топтамалары әкелінген. Танымал брендтер де, жаңадан бастағандар да өз өнімдерін ұсынды. Ал маңғыстаулық әртістер шығысқазақстандықтарға өз шығармашылығын паш етті.
Көрме-жәрмеңке екі күнге созылады. Осыдан кейін батыс шеберлері Павлодар қаласына жол тартпақ.