ШҚО-лық екі полицей «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Офицерлер марапатты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлының қолынан алды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ринат Икласов есірткі зертханасын сәтті жойғаны және қазіргі заманның басты зұлым күшнің бірі — есірткі қылмысына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.

Ол аймақта есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауға және оларға тосқауыл қоюға бағытталған операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуде жоғары кәсібилік көрсетті.

ШҚО ПД Күршім ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Руслан Керебаев қарда қалған ветеринар дәрігерге көрсеткен ерен ерлігі үшін марапатталды.

Сол күні кешке полицияға досы көрші ауылға кеткеннен кейін 4 сағаттан артық байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен. Ал аймақта қарлы боран соғып, күніне бір метрден астам қар түскен болатын.

Руслан Керебаев бірден іздеуге шығып, көп ұзамай қалың қардан шыға алмаған ер адамды тапқан. Бірлескен күш-жігермен олар бірнеше сағаттан кейін ғана қар құрсауынан шыққан.

Полиция департаментінде ерлік сабағы өткізіліп, онда әріптестер марапатталған қызметкерлердің жетістіктерін атап өтті. Шара патриотизм атмосферасын сыйлап, полицейлер өз жұмысындағы кәсібилік пен батылдықтың маңыздылығына назар аударып, өз ойларымен бөлісті.

Новые статьи

На самом высоком мосту в обход Осиновского перевала установили последнюю балку

В Восточно-Казахстанской области завершился один из ключевых этапов строительства новой дороги в обход Осиновского перевала. Сегодня в строители установили последнюю балку на 175-метровом мосту...

Усть-Каменогорск вошел в пятерку самых «умных» городов Казахстана

Областной центр Восточного Казахстана занял пятое место среди 20 городов Казахстана в официальном рейтинге Smart City за 2025 год опубликованного министерством искусственного интеллекта и...

В Шемонаихинском районе высадили деревья в рамках акции «Таза Қазақстан»

В Шемонаихинском районе прошла экологическая акция, приуроченная к общенациональной инициативе «Таза Қазақстан» и Всемирному дню чистоты World Cleanup Day. На территории, прилегающей к школе №4...

Жители Восточного Казахстана поддержали World Cleanup Day

В Усть-Каменогорске прошёл всереспубликанский субботник, приуроченный к World Cleanup Day – Всемирному дню чистоты. Масштабную экологическую акцию открыли у Монумента Независимости, где собравшиеся в...