ШҚО әкімі Ермек Көшербаев әр саладағы үздіктерге мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында аймақ басшысы жоғары кәсібилік пен нағыз жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен түрлі сала өкілдерін марапаттады. Олардың қатарында мұғалімдер мен дәрігерлер, өндірістегі жұмысшылар мен мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен меценаттар, зиялы қауым өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер бар. Олардың әрқайсысы өз саласында айтарлықтай жетістікке жеткен. Марапатталғандар арасында спорт ардагерлері мен түрлі конфессия өкілдері де болды.

Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын орнитолог ғалым, Шығыс Қазақстан облысына арналған көркем шығармалар мен ғылыми зерттеулердің авторы Борис Щербаков алды. Оның қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына қатысты зерттеулері де көпке танымал.

Гиппократ антына талай жыл адал болып қана қоймай, жас мамандарға тәлімгер болған Катонқарағай аудандық ауруханасының сәулелі диагностика дәрігері Валентина Шершнева да марапатқа ие болды.

 

Күнделікті тынымсыз еңбегімен облыстың дамуына орасан зор үлес қосып жүрген азаматтардың ірі жобаларды жүзеге асыруға да өз септіктерін тигізіп жатқанын кейде ұмытып кететініміз өтірік емес. Солардың бірі — «ОблШығысЖол» ЖШС автогрейдерінің жүргізушісі Есмұхамбет Ұябаев. Осындай еңбектің жалауын жықпайтын жандардың арқасында Бұқтырма су қоймасына көпір салынып, өңірде жөнделген жолдар саны артып келеді.

ҚХА атындағы «Бірлік» алтын медалін Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Алдияр Әубәкіров кеудесіне тақты. Ол өз тәжірибесі мен білімін жас ұрпаққа жемісті жеткізіп жүр.

Марапатқа ие болғандардың бірі – ұшуды басқару жөніндегі директордың орынбасары Даниил Гарин. Өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларға жедел ден қою бойынша ең күрделі тапсырмаларды орындаған, білікті де сенімді маман Даниил Федотович өз ісінің нағыз майталманы. Соның арқасында құтқарушылардың жұмысы әлдеқайда жеңілдейді.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев атап өткендей, кез келген саланы дамыту үшін адами капиталдың маңызы зор. Себебі жан-тәнімен жұмысқа берілген жандарсыз жетістікке жету мүмкін емес.

Новые статьи

В ВКО в этом году завершат ремонт ключевых трасс к туристическим местам

В Восточно-Казахстанской области в 2026 году завершат ремонт основных автомобильных дорог, ведущих к туристическим направлениям. Об этом стало известно на совещании под председательством советника...

В Казахстане стартовала серия мероприятий «Путь к науке»

В организациях образования Казахстана стартовала масштабная серия мероприятий «Путь к науке», приуроченная к Национальному дню книги. Инициатива проходит в рамках единой программы воспитания «Адал...

ШҚО-да экологиялық жағдайды жақсарту үшін экопарктер құрылмақ

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Бақытжан Сапиевтің төрағалығымен өткен жиын барысында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі талқыға салынды. Соның барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет...

В Восточном Казахстане создадут три экопарка

В Восточно-Казахстанской области начнется создание трех экопарков - современных общественных пространств, где благоустройство будет строиться вокруг сохранения природной среды. Об этом рассказал глава региона...