Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзарды

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 22 қазаннан бастап орталықтардың жұмыс уақыты ұзармақ.

Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.

— Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады, — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалынан.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО Өскемен қаласы бойынша Самар тасжолы, 23 мекенжайы бойынша орналасқан.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...