в

ШҚО-да Республика күніне орай кітап оқу челленджі жарияланды

Кітап оқу челленджі 20 қазанға дейін жалғасады. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу жоқ.

Челленджге қатысқысы келген адам бірнеше тақырып бойынша кітап оқуы тиіс. Тақырыптар:

  • Қазақ тарихына арналған көркем әдебиет,
  • Қазақ тарихына арналған жыр-дастандар,
  • Қазақ тарихы туралы аңыз-әфсаналар,
  • Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі көркем әдебиет,
  • Тәуелсіз Қазақстан туралы деректі әдебиет,
  • Шығыс Қазақстан аймағы туралы кітаптар.

— Қатысушы оқыған кітаптарын көрсетіп, ол туралы пікірін (видеорецензия) және өзгелерге де оқуға кеңес беретінін айтып видеоға түсуі қажет. Өзі қалаған тілде. Видео ұзақтығы 2 минут болуы керек. Түсірілген видеоларды ukcbs@mail.ru электрондық поштасына 20 қазанға дейін жолдаңыздар, — деп хабарлады Өскемен қалалық О.Бөкей атындағы кітапханадан.

Марапаттау рәсімі 25 қазан – Республика күнінде өтеді. Кітапқұмар жеңімпаздар Дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады.

В Уральске ревнивая жена приговорена к трем годам лишения свободы за распространение интимных фотографий мужа

Убийце спортсмена в Усть-Каменогорске увеличили срок до 16 лет лишения свободы