в

Өскеменде теміржол вокзалы жөнделеді

«Өскемен-1» теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

Соның аясында ғимарат толықтай жөнделеді. Сондай-ақ модернизациялау жұмыстары да жоспарланып отыр. Ондағы мақсат — вокзалды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы ету.

— Тапсырыс беруші — теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Қазіргі уақытта «Өскемен-1» теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Жөндеу жұмыстары 2025 жылы басталады. Ал қашан аяқталатыны әзірге белгісіз, — дейді Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

В Усть-Каменогорске отремонтируют железнодорожный вокзал

Аэропорты в Катон-Карагайском и Зайсанском районах смогут принимать разные типы воздушных судов: от Fokker до Airbus