в

ШҚО-да «Қызыл Ту» өткелінің жұмысы тоқтады

«Ертіс» паромының істен шығуына байланысты 15 казан сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін «Қызыл Ту» паром өткелінің жұмысы тоқтатылды.
— Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Паром жұмысы жайлы нақты ақпарат кейін белгілі болды», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Өткелде «Одесса» моторлы кемесі белгіленген кесте бойынша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, «Қызыл Ту» өткелі Шығыс Қазақстандағы Самар мен Күршім аудандарын жалғап тұр. Қазір сол жерге Президент тапсырмасымен көпір салынып жатыр.

Еске салсақ, кеше ұзындығы 1316 метр екі жолақты бұл көпірдің арнайы сынақтан өткені хабарланған. Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Сынақ нәтижелері жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

В Казахстане 88% школ создали условия для инклюзивного образования

Паром «Одесса» на переправе «Кызыл Ту» работает в штатном режиме