в

Катонқарағайда 3 барыс фототұзаққа түсіп қалды

Екі аланымен жайбарақат келе жатқан барыс Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шаруашылығында фототұзаққа түсіп қалған.

«Бұған дейін осы жылдың 11 маусымында бұл барыстар фототұзақ объективіне іліккен. Демек, бұл барыстардың ұлттық парк аумағында тұрақтап қалғанын аңғартады», — деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

Барысты қазақ халқы ежелден киелі санаған. Ол Қазақстан Республикасының және халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына жойылып бара жатқан аң түрі ретінде енгізілген.

В Казахстане пересмотрят финансирование спортивных федераций

В ВКО бригада скорой помощи спасла пенсионерку прямо на автобусной остановке