Көмір және газ станцияларымен салыстырғанда, атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері айтарлықтай төмен

АЭС-тің қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы атом энергетикасының негізгі басымдықтары мен қағидаттарының бірі болып табылады. Атом станциясы қоршаған ортаны түтін газдарын, күл, күйе сияқты заттармен ластамайды. Бұл аталмыш нысанның дәстүрлі энергия көздерінен барынша айырмашылығы және басымдығы.

Сонымен қатар, атом энергиясы адамдардың күнделікті өмірінде кездесетін радиоактивті сәулеленудің ең аз пайызын құрайды — 0,1%. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, атом электр станциясынан сәулелену дозасы Лондоннан Нью-Йоркке және кері бағыттағы ұшқан әуе рейсімен  тең.

Атом электр станцияларының адамға да, табиғи ортаға зиян тигізбейтіндігінің дәлелі –оларды әртүрлі елдерде пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі. Оның үстіне көптеген зерттеулер көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының маңындағы радиацияның деңгейі атом электр станцияларына қарағанда 5-10 есе жоғары екенін көрсеткен. Бұл атом энергиясын сөзсіз энергия көздерінің ішіндегі ең таза екендігін дәлелдейді.

Фукусима АЭС-індегі апаттан кейін радиациялық апаттардың алдын алуға және жабық ядролық отын циклін пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Жанармайды қайта өңдеу одан алынған материалдарды 90%-ға дейін қайта пайдалануға мүмкіндік береді, бұл қалдықтарды айтарлықтай азайтып, өндірісті экологиялық тұрғыда таза етеді. Қазіргі заманғы реакторлар отынның ерімеуін қамтамасыз ете отырып, радиациялық ластану қаупін барынша азайтуға қауқарлы.

Климаттың өзгеруіне қарсы күресте атом электр станциялары да маңызды рөл атқарады. Олар CO2 шығындыларын болдырмайды және Қазақстанның бірден-бір алдына қойып отырған мақсаты 2060 жылға қарай толықтай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге ықпал етеді.

Сарапшылар өз сөздерінде ядролық энергиясыз жаһандық декарбонизация бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін емес дейді. Радиоактивті қалдықтарға келетін болсақ, оның шамамен 97%-ға белсенділігі төмен немесе өте төмен деңгейіне жатқызылады. 0,1%-дан төмені – жоғары деңгейдегі қауіпті қалдықтар болып есептеледі.

Әлемде мұндай қалдықтар үшін қоймалар әлі жасалмаған, бірақ Финляндия ядролық қалдықтарды түпкілікті көмуге арналған алғашқы жерасты полигонын салуда. Қазақстан болашақта осындай қоймаларды пайдалана алады немесе пайдаланылған отын мөлшерін азайтатын технологиялық жаңашылдықтарды қолдануды көздеуі әбден мүмкін.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...