Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді

Бүгінде ШҚТУ ғылым мен өндірісті шебер ұштастырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі 4,2 млрд теңгеге жетті. Бір жылда 253 ғылыми жоба жүзеге асырылып, оның 188-і тікелей кәсіпорындардың тапсырысы бойынша орындалды.

Университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері де көп. ШҚТУ — Еуропалық одақтың Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінен өткен Қазақстандағы алғашқы университет. Құны шамамен 8 млн еуроны құрайтын TiBeRIUM жобасы аясында 12 елдің 25 ұйымымен бірлесіп, титан мен бериллийді тиімді әрі экологиялық қауіпсіз өңдеу технологиялары әзірленуде. Бұдан бөлек, университет базасында критикалық материалдар мен орнықты металлургия бағытындағы ғылыми зерттеулер дамып, халықаралық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық нығаюда.

Өндіріске енгізілген отандық әзірлемелер де аз емес. Атап айтқанда, ШҚТУ ғалымдары травматология, ортопедия және онкология салаларына арналған имплантаттардың 20 түрін әзірледі. Олардың көмегімен 150-ден астам пациент ем қабылдады.

— Зерттеу университеті мәртебесі ШҚТУ-ға жаңа мүмкіндіктермен қатар асқан жауапкершілік жүктейді. Ендігі міндет — ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, жаңа технологияларды коммерцияландыру, халықаралық серіктестікті кеңейту және аймақ экономикасына қажетті білікті мамандар даярлау. Біз Шығыс Қазақстанды тек өндірісі дамыған өңір ғана емес, озық технологиялар мен ғылыми жаңалықтар жасалатын орталыққа айналдыруды көздейміз. ШҚТУ-дың жаңа мәртебесі осы мақсатқа жетудегі маңызды белес болмақ. Университет ұжымын, ғалымдар мен студенттерді зор жетістіктерімен құттықтаймын! Ғылымы өркендеген өңірдің болашағы да жарқын болады!, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

С 4 декабря изменятся правила доплат работникам спортивных организаций

В Казахстане меняется порядок установления доплат работникам спортивных организаций за достижения спортсменов. Новые правила вступают в силу 4 декабря и предусматривают отдельный учет результатов...

С помощью ИИ на маркетплейсах выявили более 22 тысяч БАДов с признаками возможных нарушений

В Казахстане внедряют цифровые инструменты для контроля рынка биологически активных добавок. Совместно с Единым оператором маркировки и прослеживаемости товаров и Казахской академией питания разработан...

В Казахстане выявили 18 случаев незаконного строительства в водоохранных зонах

С начала года бассейновые инспекции выявили 18 фактов незаконного строительства на поверхностных водных объектах, а также в водоохранных зонах и полосах. По всем случаям...

Суд подтвердил законность предписания FlyArystan об устранении нарушений прав пассажиров

Суды двух инстанций подтвердили законность предписания Министерства торговли и интеграции РК, выданного авиакомпании FlyArystan по итогам проверки соблюдения прав потребителей. Перевозчику необходимо устранить нарушения...