Өрт қауіпсіздігі, егін жинау науқаны және әлеуметтік реформа: ШҚО-да әкімдік отырысында не талқыланды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиын барысында 2026 жылдың өрт қаупі жоғары кезеңінің қорытындылары талқыланды.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсаинов айтуынша, өңірдегі орман қорының жалпы ауданы 3 млн гектарды құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ — 1,7 млн гектар. Биыл жалпы ауданы 530,6 гектарды құрайтын 56 орман өрті тіркелген.

«Барлық өрттер мемлекеттік орман күзетінің, авиациялық және жерүсті патрульдеу күштерінің, мониторинг жүйелерінің көмегімен уақтылы анықталды. Жедел әрекеттің арқасында жалын ошақтарының басым бөлігі бастапқы кезде сөндіріліп, олардың ірі орман өрттеріне ұласуына жол берілмеді. Ормандарды өрттен қорғау үшін 1200-ге жуық адам, 331 техника және 3 мыңнан астам құрал-саймандар мен жабдықтар бар. Сондай-ақ орманшылар өрт ошақтарын тікелей қарап-тексеруге және жалынның ауқымын анықтауға арналған 36 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданады», — дейді ол.

Әкімдік отырысында егін жинау науқаны да сөз етілді. Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары 611,1 мың гектар алқапта жүргізіліп жатыр. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 5,5 мың гектарға артық.

«Дәнді және бұршақ дақылдарын жинау 246 мың гектар алқапта аяқталды. Орташа өнімділік гектарына 17,4 центнерді құрады. Бидай 151,5 мың гектар алқапта жиналды, бұл жоспарланған алқаптың 98,5%-ын құрайды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде 255,1 мың гектар немесе жоспарланған алқаптың 99,9%-ы жиналып отыр. Орташа өнімділік гектарына 19,2 центнерді құрап, қамбаға 489 мың тонна астық құйылды», — дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Мамиев.

Егін жинау науқанын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне Павлодар мұнай-химия зауытынан 19 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Жиналған өнімді қабылдау, орналастыру және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында облыста қажетті сақтау инфрақұрылымы бар. Өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын қоса алғанда, сақтау объектілерінің жалпы сыйымдылығы 829 мың тоннаны құрайды.

Ал ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова А және В санатындағы отбасыларды верификациялау және әлеуметтік төлемдерді біріздендіру барысы туралы айтып берді.

«Жаңа Заңның қабылдануына байланысты келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу тетігі өзгереді. Қолдау шараларын тағайындау кезінде төлем алуға негіздердің болуы ғана емес, Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер негізінде айқындалатын жанұяның әлеуметтік әл-ауқат санаты да ескеріледі. Облыс бойынша барлығы 17 мыңға жуық азамат сауалнамадан өтті, оның ішінде «А» санаты бойынша — 2 789, «В» санаты бойынша — 14 146 адам. Жалпы, осы екі санат бойынша жүргізілген жұмыстардың орындалу көрсеткіші 100%-ды құрады. Қазіргі уақытта отбасының әл-ауқатын бағалау әдістемесі пысықталып жатыр. Реформа кезең-кезеңімен, пилоттық режимде жүзеге асырылады», — дейді ол.

Облыс әкімі өз сөзінде Шығыс Қазақстанның барлық орман мекемесінде өрттерді ерте анықтау жүйесін орнату, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру барысы қатаң бақылауда болуы қажеттігін жеткізді.

«Мемлекет басшысы «Дала орманы» жобасын сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өткен болатын. Сондықтан өңірімізде орман өсіруге ыңғайлы жер учаскелерін белгілеп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек. Сондай-ақ 2027 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына уақтылы әрі сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру және дайындық іс-шараларын қазірден бастаңыздар. Келер жылға шаруашылықтардың тұқыммен қамтамасыз етілуіне, минералдық тыңайтқыштарға қажеттілігіне талдау жүргізілуі тиіс. Тұқым тапшылығы бар аудандар бойынша шаруашылықтарға қолдау бағдарламалары арқылы тұқым сатып алуға көмек көрсетіңіздер. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы әлеуметтік төлемдердің жаңа тәртібіне қатысты жұмысты заңнама шеңберінде тиісті деңгейде жүргізуі қажет», — дейді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В Казахстане ужесточат контроль за энергопотреблением

Курултай в первом чтении одобрил два законопроекта, направленных на усиление энергосбережения и повышение энергоэффективности. Документы разработаны во исполнение поручения главы государства и предусматривают изменения...

«Байтерек» направит 4,1 трлн тенге на поддержку банковского кредитования и бизнеса

В 2026 году Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек» предусмотрел 4,1 трлн тенге на стимулирование банковского кредитования и косвенные меры поддержки. Об этом сообщил председатель правления...

ШҚО-да үш балықшы суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысында 3 балықшы Ертіс өзеніне батып кетті. Оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылының маңында болған. Ертіс өзеніне балық аулауға барған үш ер адам қаза...

В Казахстане утвердили единый порядок реструктуризации просроченных кредитов

Агентство по регулированию и развитию финансового рынка утвердило новые правила рассмотрения заявлений заемщиков об изменении условий кредитования. Документ устанавливает единый порядок работы банков, микрофинансовых...