ШҚО-да сақ қорғандарын қазғандардың кінәсі әзірге дәлелденген жоқ – полиция

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Шілікті жазығындағы көне қорғандарды заңсыз қазуға қатысты қылмыстық іске түсініктеме берді.
Оқиға 13 қарашада «Шағаноба» археологиялық кешені аумағында болған. «SRS» ЖШС-не тиесілі техниканы пайдаланып, бұған дейін қазылған шұңқырларды топырақпен көму жұмыстары жүргізілгені анықталды. Тиісті материалдар полицияда тіркелген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабымен археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алайда әзірге ұсталған азаматтардың заңсыз қазба жұмыстарына қатысы бар екенін растайтын дәлелдер жиналған жоқ. Енді тергеу органдары олардың бұл іске қатыстылығын анықтауы тиіс.
— Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, азаматтарды оқиға орнында ұстады. Бірақ олардың нақты қазба жұмыстарын жүргізгені туралы бізде әзірге нақты дерек жоқ. Ал арнайы техниканың ол жерде жайдан-жай тұрмағаны, жұмыс істегені анық байқалды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалған, — дейді ШҚО полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Орал Рыспаев.

Новые статьи

В Казахстане хотят ужесточить наказание за отсутствие интернета

Глава «Казахтелекома» Багдат Мусин предложил премьер-министру Олжасу Бектенову повысить штрафы за повреждение линий связи и обязать застройщиков сдавать дома с оптоволокном до каждой квартиры....

В Казахстане устранили 71% зон с плохим покрытием мобильной связью

В Казахстане ликвидировали 301 из 427 зон с недостаточным качеством мобильной связи, выявленных в 2024–2026 годах. Таким образом, устранена почти 71% проблемных участков. Об...

Мобильный трафик в Казахстане вырос в 2,5 раза, спутниковая связь охватила три млн человек

Мобильная связь в Казахстане доступна 99% населения, а покрытие LTE достигло 97%. При этом технология Direct-to-Cell, запущенная совместно со Starlink, охватила территорию, на которой...

В Казахстане реализуют проекты цифровой инфраструктуры на 333 млрд тенге

В Астане продолжается строительство кампуса дата-центров AKASHI мощностью 100 МВт. Проект входит в программу развития цифровой инфраструктуры с общим объемом инвестиций около 333 млрд...