Самарда жаңа жылу құбырлары ауылдық округ әкімінің әкесінің үйіне тартылған

Самар ауылында құны 1,7 млрд теңге болатын жылу желілерін тарту жобасына қатысты дау шықты. 2 мың жеке тұрғын үйдің ішінен мемлекеттік жобаға тек ауылдық округ әкімінің әкесіне тиесілі бір ғана үй енгізілген.

Жылу магистралін қайта жаңғырту және тарту жұмыстары аудан орталығы үшін тарихи оқиғаға айналды. Өйткені бұған дейін ауылда орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған. Бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның бірінші кезеңінде 19 әлеуметтік нысан мен 24 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамту көзделген.

Заңбұзушылық аудан әкімінің жеке қабылдауы кезінде анықталды. Жергілікті тұрғындар жаңа жылу желісіне жеке сектордағы үйлерді де қосуды сұрап келген.

Алайда аудан әкімі техникалық және қаржылық тұрғыдан мұның мүмкін еместігін түсіндірген. Себебі жобаның бірінші кезеңі тек әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерді жылумен қамтуға арналған.

Осы кезде ауыл тұрғындары бюджет қаражаты есебінен Строительная көшесі, 14-мекенжайдағы жалғыз жеке тұрғын үйге дейін құбыр тартылып жатқанын айтып, оның қандай негізде жобаға енгізілгенін сұрады.

Анықталғандай, бұл үй ірі жергілікті шаруа қожалығының иесіне әрі аудандық қоғамдық кеңестің мүшесіне тиесілі. Ол — Самар ауылдық округінің қазіргі әкімі Марат Дюсуповтың әкесі.

Тексеру нәтижесінде құбыр тарту жұмыстары үй иесінің жеке қаражаты есебінен емес, мемлекеттік жоба аясында жүргізілгені расталды. Жобаны әзірлеушілердің түсіндіруінше, құжаттама 2023 жылы дайындалған. Сол кезде тұрғын аумақты аралаған аудандық ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері осы үйді көрсеткен. Ал жобалаушылар ғимаратты қызметтік тұрғын үй деп болжап, жылу желілерінің сызбасына енгізген.

– Тұрғындардың өтінішінен кейін бұл жеке үйге қарай құбыр тарту жұмыстарын дереу тоқтатып, тексеру жүргіздік. Жобаға тиісті түзетулер енгізіледі. Строительная көшесіндегі үй сметадан алынып тасталады. Ол құбырлар Колхозная көшесіндегі сегіз пәтерлі тұрғын үйді жылу желісіне қосуға бағытталады. Ол үйде негізінен қарт адамдар тұрады. Жеке нысанның мемлекеттік жобаға енгізілуіне байланысты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды, – дейді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімдігі жеке тұрғын үйді бюджет есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жобасына енгізуге келісім берген шенеуніктердің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар орталық жылу жүйесін іске қосу мерзімін кешіктірмеу үшін жылумен қамту сызбасы қайта қаралып, тиісті түзетулер енгізуге жолданады.

Новые статьи

Шығыс Қазақстанда соңғы бес жылда қоңыр аю саны 27%-ға көбейді

Шығыс Қазақстан облысында қоңыр аюлардың популяциясы айтарлықтай өскен. 2022 жылы өңірде 2 977 аю тіркелсе, 2026 жылғы олардың саны 3 787-ге жеткен. ШҚО орман шаруашылығы...

На повышение зарплат и инфраструктурные проекты в Казахстане направят дополнительные средства

Курултай принял в третьем чтении закон «О республиканском бюджете на 2027-2029 годы». При пересмотре расходов учли финансирование ряда поручений президента, а также дополнительные потребности...

В Усть-Каменогорске реконструируют котельную за счет дополнительных средств республиканского бюджета

В Восточно-Казахстанской области предусмотрели финансирование реконструкции котельной в Усть-Каменогорске. Проект вошел в перечень 52 региональных инфраструктурных инициатив, на которые в бюджете страны на 2027...

В ВКО объем строительных работ вырос на 15,5% за десять месяцев

В Восточно-Казахстанской области объем строительных работ за январь-октябрь 2026 года увеличился на 15,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. По темпам роста регион...