ШҚО-да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 10,6 млн теңгеге қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Марқакөл ауданының прокуратурасы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясындағы келісімшарттардың қалай орындалып жатқанын тексерді. Кейбір мемлекеттік қолдау алушылар өз міндеттемелерін орындамаған. Анықталған фактілер бойынша жалпы сома 10,6 млн теңгені құрады.

Солардың бірі медициналық колледжді бітіріп, аудандық ауруханаға жұмысқа келген мейіргерге қатысты. 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен оған 5 млн теңге бюджеттік кредит беріліп, 345 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген. Марқакөл ауданы 2024 жылға дейін Күршім ауданының құрамында болған.

Келісімшарт бойынша маман ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс еді. Прокуратура оның бұл міндеттемені орындамағанын анықтады.

Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін мемлекет кірісіне 2,95 млн теңге қайтарылды. Қалған соманы өндіріп алу бақылауда. Бюджет қаражатының заңды әрі мақсатты пайдаланылғанын тексеру жалғасып жатыр.

Новые статьи

Как в районе Маркаколь планируют развивать туризм?

В районе Маркаколь планируют расширять сеть гостиниц и гостевых домов, развивать экотуризм и составить ежегодный календарь мероприятий. Пока здесь зарегистрировано всего 5 мест размещения...

Алексей Луценко взял второе золото Азиады-2026 и стал шестикратным чемпионом

Алексей Луценко выиграл мужскую групповую гонку по велоспорту на шоссе на XX летних Азиатских играх в Аичи–Нагое. Вместе с ним на пьедестал поднялся Евгений...

Кристина Морозова принесла Казахстану серебро Азиатских игр

Кристина Морозова завоевала серебряную медаль XX летних Азиатских игр в Аичи–Нагое (Япония). Казахстанская легкоатлетка стала второй в спортивной ходьбе на полумарафонской дистанции с результатом...

Госимущество Казахстана сведут в одну цифровую систему до 2029 года

Минфин Казахстана планирует объединить разрозненные данные о государственном имуществе на платформе e-Qazyna.kz. Переход предусмотрен дорожной картой до 2029 года. О работе на брифинге Службы...