Шығыс Қазақстанда заңсыз айналымнан 267 келі есірткі тәркіленді

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері есірткіге қарсы ауқымды науқанның қорытындылары туралы есеп берді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен Өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылған кешенді жұмыстың нәтижелері қорытындыланды.

ШҚО психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлері прокуратура, полиция, қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, ауқымды ақпараттық және емдеу-профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Науқан барысында дәрігерлер мен сарапшылардың қатысуымен 25 ірі ведомствоаралық іс-шара өткізілді. Негізгі назар жасөспірімдерге, студенттерге, әскери қызметшілерге және өңірдегі еңбек ұжымдарына аударылды.

Дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып, барша ниет білдірушілер үшін психиатр-нарколог дәрігерлердің анонимді консультациясы қарастырылған Ашық есік күндері өткізілді. Тәуекел тобына жататын адамдарды ерте анықтау мақсатында мамандар психобелсенді заттарды қолдануға қатысты ерікті тестілеу ұйымдастырды.

Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес бағытындағы ауқымды жұмыстың нәтижелері туралы ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері де баяндады.
202 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі заттарын өткізуге байланысты 92 фактінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 267 келі есірткі заты тәркіленді. «Кибербақылау» жүйесінің көмегімен құқық қорғау органдары есірткі таратқан мыңға жуық сайт пен интернет-ресурсты бұғаттады.

Өңірдің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, полиция, мемлекеттік органдар, волонтерлер мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы, әсіресе жастар арасында профилактикалық шараларды күшейтуге мүмкіндік берді.

Құқық қорғау органдары 31 мыңнан астам адамды қамтыған 43 профилактикалық іс-шара өткізді. Акциялар, рейдтер мен спорттық іс-шараларға 45 волонтер және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері белсенді қатысты.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Free Life Fest» фестиваліне 2,5 мыңнан астам адам жиналды.
Жалпы, құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 500-ге жуық есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, онда 107 мың адам қамтылды.

«Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл — өңір деңгейінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі элементтерінің бірі. Есірткі бизнесінің цифрлануына байланысты қазіргі сын-қатерлер профилактикалық жұмыста жекелеген акциялардан үздіксіз әрі жүйелі жұмысқа көшуді талап етеді. Полиция департаментіне білім, цифрландыру және ішкі саясат басқармаларымен бірлесіп, интернет кеңістігіне мониторинг жүргізуді күшейтуді тапсырамын. Бұл құқыққа қайшы ресурстарды жедел анықтап, бұғаттауға, синтетикалық заттарды тарату арналарының жолын кесуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау басқармасы тәуекел тобына жататын адамдарды ерте анықтау алгоритмдерін жетілдіріп, емдеу және оңалту жұмыстарын күшейтуі қажет. Осы бағыттағы барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының үйлесімді жұмысы менің жеке бақылауымда», — деп қорытындылады аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В Казахстане планируют запустить производство слуховых аппаратов для детей

В Казахстане намерены создать отечественное производство слуховых аппаратов для детей. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил разработать специальную дорожную карту проекта с привлечением казахстанских производителей. Сегодня на...

Полиция ВКО предупредила жителей о распространенных схемах мошенничества

Департамент полиции Восточно-Казахстанской области призвал жителей сохранять бдительность при звонках и сообщениях от неизвестных. Мошенники используют различные способы давления, чтобы заставить человека быстро принять...

В ВКО за год выявили 202 наркопреступления и изъяли 267 кг наркотиков

В Восточно-Казахстанской области усиливают профилактику наркомании и борьбу с незаконным оборотом наркотиков. Итоги проведенной работы обсудили на заседании регионального межведомственного штаба под председательством акима...

Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, данных в выступлении на экоакции «Таза Қазақстан»

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел совещание по реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в выступлении в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»...