Зайсан ауданында әйелді өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

ШҚО Полиция департаменті әйелдің өлтірілгенін растады. Қылмыс жасады деген күдікпен жасөспірім ұсталған. Сот оны қамауда ұстауға санкция берді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр. Солардың бірінде қылмыс жасөспірімдер арасында кең тараған «Көк кит» ойынымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылған. Кейбір жазбаларда жасөспірімге осы ойын арқылы адам өлтіру туралы тапсырма берілгені жазылған.

Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растаған жоқ. Полиция тергеу мүддесіне байланысты қылмыстың мән-жайы мен ықтимал себептері туралы ақпарат жарияламады.

— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Новые статьи

Казахстанцам напомнили о сроке уплаты налога на имущество за 2025 год

Собственники недвижимости и земельных участков в Казахстане должны уплатить налог на имущество за 2025 год не позднее 1 октября 2026 года. Комитет государственных доходов...

Казахстанским перевозчикам разрешили забирать грузы из морских портов Турции

Казахстан и Турция договорились расширить возможности для международных автомобильных перевозок. Решение принято по итогам заседания Казахстанско-Турецкой смешанной комиссии по автомобильному транспорту, которое прошло в...

В Казахстане начался прием заявок на юбилейные премии «Тұмар» и «Үркер»

В Казахстане стартовал прием заявок на национальные премии «Тұмар» и «Үркер», которые в 2026 году впервые пройдут под эгидой Qazaqstan Media Awards. Юбилейная церемония...

Регуляторная прибыль компаний по страхованию жизни в Казахстане сократилась в 4,2 раза

После нескольких лет роста финансового результата рынок страхования жизни в Казахстане столкнулся со снижением прибыли. По итогам первого полугодия 2026 года регуляторная чистая прибыль...