Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол қарашада пайдалануға беріледі

Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, туристік бағыттарға апаратын жолдардың сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта қолға алынған жобалардың бірі — Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол құрылысы. Бүгінде ұзындығы 12 шақырымға жуықтайтын жолдың негізгі бөлігі дайын. Жолды қараша айының бірінші онкүндігінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта көпір құрылысын аяқтау ғана қалды.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа жолға барып, құрылыс барысын тексерді.

«Жаңа жолдағы көпірдің ұзындығы 176 метр, ал биіктігі 45 метрді құрайды. Жолдың тағы бір маңызды ерекшелігі — оның бұрынғы айналма бағытпен салыстырғанда шамамен 6 шақырымға қысқа болуы. Бұл жүргізушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Осинов асуы — қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы күрделенетін учаскелердің бірі. Жаңа жолдың іске қосылуы осы аумақтағы қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, көлік қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа бағыт Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту үшін маңызды. Жол пайдалануға берілгеннен кейін демалушылар Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарындағы туристік нысандарға қауіпсіз әрі қысқа бағытпен жете алады.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, жол инфрақұрылымын жаңарту — өңірдің туристік тартымдылығын арттырумен қатар, елді мекендер арасындағы байланысты жақсартуға және тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске на два дня изменят схему движения в районе проспекта Сатпаева

В Усть-Каменогорске из-за строительных работ на транспортной развязке на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Жибек Жолы временно изменится схема движения. С 11:00 18 сентября до...

В ВКО потребителям пересчитали плату за отопление на 298,6 млн тенге

По итогам отопительного сезона 2025–2026 годов потребителям Восточно-Казахстанской области, у которых нет приборов учета тепловой энергии, сделали перерасчет платы за отопление на общую сумму...

В Восточном Казахстане за три дня выявили 621 нарушение ПДД

В Восточно-Казахстанской области с 14 по 16 сентября прошла акция «Внимание, пешеход», в рамках которой полицейские вместе с другими службами проверяли соблюдение правил дорожного...

В Астане мошенник выманил у четырех человек четыре миллиона тенге, обещая льготные кредиты

Житель столицы обещал гражданам помочь получить льготные кредиты на сумму до 100 млн тенге по программе фонда «Даму». За свои услуги он просил по...