Өскемен қаласында 11 сәуір күні бірден бес алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Шаһардың әр жерінде тұратын жұртшылық өз шағынаудандарынан алысқа бармай-ақ, қолжетімді бағамен азық-түлік сатып ала алады.
Жәрмеңкелер келесі мекенжайларда өтеді:
• «Алтай» көтерме-тарату орталығы (Жібек жолы көшесі, 44);
• «Дос Нар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а);
• «Керуен» сауда үйі (Оралхан Бөкей көшесі, 3);
• Защита ауданы, «Теміржолшылар» саябағы (Тынышпаев көшесі, 122);
• «Валентина» сауда үйі (Шаяхметов көшесі, 13).
Жәрмеңкеде түрлі өнімдер ұсынылады. Атап айтқанда, жаңа сойылған ет түрлері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, бал және басқа да тауарлар. Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін созылады.

