ШҚО тұрғындарына эпидемиологтар ескерту жасады

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, кенелердің белсенділігі ауа температурасы мен ылғалдылығына тікелей байланысты.

— Кенелер +3+5 градус шамасындағы ауа температурасында ояна бастайды, ал +15 градустан жоғары болса, белсенділігі күрт артады. Ұзақ мерзімді бақылаулар көрсеткендей, кене шағудың қауіпті кезеңі сәуірден қыркүйекке дейін созылады, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Шығыс Қазақстан республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің жоғары аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

— Тұрғындарға табиғат аясына шыққанда қорғаныс киімдерін киіп, репелленттерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сізді кене шағып алса, бірден дәрігерге барыңыз, — деп ескертті эпидемиологтар.

Новые статьи

Продолжительность жизни в Казахстане достигла рекордных 75,9 года

В Казахстане зафиксирован исторический максимум ожидаемой продолжительности жизни. По итогам 2025 года этот показатель достиг 75,97 года. Как сообщили в Министерстве здравоохранения, за годы независимости...

В Усть-Каменогорске с 15 апреля запустят дачные автобусы

В Усть-Каменогорске с середины апреля начнут курсировать дачные автобусы. Общественный транспорт будет доставлять горожан к садоводческим товариществам. Как сообщили в акимате, запуск маршрутов запланирован на...

В Усть-Каменогорске начали масштабную весеннюю уборку улиц

В Усть-Каменогорске коммунальные службы приступили к весенней уборке города. Основная задача - очистить дороги и тротуары от песка, щебня и мусора, накопившихся за зимний...

Өскеменде мамыр айының соңына дейін апта сайын сенбіліктер өтеді

Өскеменде қаланы санитарлық тазарту науқаны басталды. Мамыр айының соңына дейін сенбіліктер апта сайын ұйымдастырылып отырмақ. Алғашқы ауқымды сенбілік өткен демалыс күндері өтті. Оның барысында бірнеше...