back to top

Шығыс Қазақстанда 78 ата-ана жаңа туған сәбиіне туберкулезге қарсы вакцина салдырудан бас тартқан

Облыс бойынша былтыр 7 191 нәресте БЦЖ вакцинасын салдырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлім етті.

— Балалар арасында туберкулездің алдын алудағы ең тиімді шаралардың бірі — жаңа туған нәрестелерді перзентханада иммундау. 2025 жылы облыста 7 362 сәби дүниеге келген. Олардың 97,7%-ы БЦЖ екпесін алды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда тұрақты көрсеткіш, — деді ол.

Дегенмен 171 нәресте перзентханада БЦЖ вакцинасын алмаған. Соның ішінде 68 балаға уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер себеп болса, 78 жағдайда ата-аналар екпеден өз еріктерімен бас тартқан. Ал 25 сәби өзге себептерге байланысты вакцина алмады.

Дәрігерлердің айтуынша, БЦЖ вакцинасы балаларды туберкулездің ауыр және асқынған түрлерінен қорғайды. Статистика бойынша, екпе алған балалар арасында ауру әлдеқайда сирек тіркеледі және асқыну қаупі төмен болады.

Новые статьи

Начался прием заявок на республиканский конкурс «Панорама педагогических идей — 2026»

Материал должен основываться на авторской методической идее, ранее не публиковаться, не участвовать в других конкурсах и соответствовать требованиям авторского права. Работа может быть представлена...

В ВКО в государственную собственность возвращено 120 тысяч гектаров земли

В Восточно-Казахстанской области продолжается активная работа по возврату неиспользуемых земель сельскохозяйственного назначения в государственную собственность. По итогам 2025 года в регионе возвращено 120 тысяч...

Шығыс Қазақстанда бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 17 ата-ана есепке қойылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасын жүргізді. - 3 күнге созылған рейдтерге 500-ден астам полицей...

Полицейские Восточного Казахстана выявили 150 нарушений в рамках ОПМ «Подросток»

В Восточно-Казахстанской области подвели итоги республиканского оперативно-профилактического мероприятия «Подросток», которое проходило с 28 февраля по 2 марта. В течение трёх дней сотрудники полиции работали...