back to top

ШҚО-да 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы құрылымдарының сүт өндіру көлемі 36%-ға артпақ

Бүгін облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласына қатысты жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Баяндама жасаған ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Дамир Мамиев елде мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін, соған сәйкес өңірде тиісті жұмыстар қолға алынып жатқанын жеткізді.

«2030 жылға қарай Шығыс Қазақстандағы мал санын 53%-ға ұлғайту көзделген. 2026 жылы ірі қара мал басының өсімі 5%-ды, қой мен ешкі басының өсімі 4%-ды құрауы тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрі бойынша сою салмағындағы ет өндірісі алдағы 4 жылда 40%-ға өседі деп күтілуде. Ал сол мерзімге дейін ауыл шаруашылығы құрылымдарымен сүт өндіру көлемін 36%-ға арттыру жоспарланып отыр», — деді ол.

Кешенді жоспарды іске асыру мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауылдарда қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек.

Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда саладағы өзекті мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсынды.

«Әр қала, аудан әкімі 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының индикаторларын іске асыруды бастап, жоспардың орындалуы туралы ай сайын есеп беріп отыруы тиіс. «Игілік» несие беру бағдарламасы іске қосылғанға дейін, несие қаражатына қажеттілікті одан әрі анықтау үшін асыл тұқымды мал сатып алатын әлеуетті қарыз алушылар пулын құру қажет», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

ВКО просит учесть особенности региона при распределении сжиженного газа

Вопрос поставок сжиженного нефтяного газа в Восточно-Казахстанскую область обсудили на онлайн-совещании с участием представителей Министерства энергетики РК, региональных властей и предпринимателей. Поводом стало обращение...

Жители Усть-Каменогорска задолжали более 200 млн тенге за вывоз мусора

Задолженность жителей Усть-Каменогорска за услуги по вывозу твёрдых бытовых отходов превысила 200 млн тенге. Об этом сообщил аким города Алмат Акышов на встрече с...

Аким ВКО Нурымбет Сактаганов: управлению сельского хозяйства пора прекращать «спать»

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов резко раскритиковал работу профильного управления сельского хозяйства, заявив о слабой работе на местах и отсутствии реальных результатов. Вопросы рассмотрели на...

Казахстан и ООН обсудили защиту прав беженцев и развитие системы убежища

Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Аскарбек Ертаев провёл встречу с представителем Управления Верховного комиссара ООН по делам беженцев в Центральной Азии Махиром...