back to top

ШҚО-да алаяқтар өздерін байланыс компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, халықты алдап жатыр

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өңір бойынша зиянды қосымшалар арқылы ақша ұрлау фактілері жиілеп кетті.

— Әуелі алаяқтар өздерін «Қазақтелеком» қызметкерлері ретінде таныстырады. Одан соң байланыс қызметіне жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын хабарлайды немесе «ерекше» жеңілдіктер ұсынады. Бұған сендіргеннен кейін WhatsApp мессенджері арқылы «деректерді жаңарту» немесе «жеңілдікті іске қосу» үшін сілтеме жібереді, — делінген ақпаратта.

Сілтеме арқылы өткеннен кейін телефонға зиянды файл жүктеледі. Оны орнатқан сәттен бастап қылмыскерлер азаматтың банк қосымшалары мен жеке деректеріне толық қашықтықтан қол жеткізеді.

— Сол кезде телефон қатты қызып кетеді, экран бұғатталып немесе басқару командаларына жауап бермей қалуы мүмкін. Осындай жағдайға тап болсаңыз телефонды қуат батырмасын ұзақ басу арқылы өшіріңіз. SIM-картаны шығарып, интернетті өшіріңіз. Мүмкіндік болса, аккумуляторды алып тастаңыз. Басқа құрылғы арқылы банкпен шұғыл байланысып, барлық шоттар мен карталарды бұғаттап, 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз, — делінген хабарламада.

Байланыс операторларының қызметкерлері ешқашан мессенджерлер арқылы үшінші тарап қосымшаларын орнатуға арналған сілтемелер жібермейді.

Новые статьи

Четыре «зеленых» электростанции появятся в Казахстане

Мажилис ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Китая о реализации проектов в области возобновляемых источников энергии (ВИЭ), совершённое 12 ноября 2024 года в городе...

Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

Состоялась встреча Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева со старшим вице-президентом «ExxonMobil» Питером Ларденом. Стороны обсудили текущую деятельность компании «ExxonMobil» в Казахстане, включая участие...

В МВД РК подвели итоги ОПМ “Безопасная дорога”

Министерством внутренних дел подведены итоги оперативно-профилактического мероприятия “Безопасная дорога”, проведенного для снижения аварийности и защиты жизни участников дорожного движения. Всего за три дня полицейскими выявлено...

Контакт-центр 1403 обработал более 20 тысяч обращений за неделю

С 19 по 25 января 2026 года операторы контакт-центра 1403 приняли и обработали более 20 тысяч обращений от пользователей республиканских дорог. Водители в основном...