«Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады.
— Былтыр пәтерінде есептегіш құралдары бар тұрғындар үшін су құны (ҚҚС-ты қоса есептегенде) бір текше метріне 98,62 теңге, ал кәріз қызметі үшін 113,28 теңге болды. Енді есептегіштері бар тұтынушылар үшін төлем мөлшері артты. Нақты айтқанда, су үшін — бір текше метріне 102,14 теңге, кәріз қызметі үшін — бір текше метріне 117,32 теңге, — делінген ақпаратта.
Ал есептегіш құралдары жоқ тұрғындар бұрын бір адамға ай сайын су үшін 749,89 теңге, кәріз үшін 1 223,15 теңге төлеген.
— Енді есептегіштері жоқ азаматтар бір адамға ай сайын су үшін 776,67 теңге, кәріз қызметі үшін 1 266,84 теңге төлейді, — делінген хабарламада.

