Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне жүгінген қала тұрғыны алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Оның айтуынша, бір әйел сеніміне кіріп, ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 млн теңгеден астам ақша алған. Алайда ақша қолына тигеннен кейін мүлде байланысқа шығуды тоқтатқан.
— Полицейлер күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды барынша абай болуға шақырады. Олар күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шарт пен кепілдіксіз белгісіз адамдарға ақша бермеу қажеттігі туралы ескертеді.

