Биылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылдың 1 қаңтарға қараған түні Өскемен қаласының әр жерінде жаңажылдық мерекелік бағдарламалар өтеді.
Қала тұрғындары үшін бір уақытта бірнеше алаңда музыкалық-театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар мына орындарда өтеді:
— Республика алаңы;
— «Өскемен» аллеясы (ЖМК ықшамауданы);
— Б. Александров атындағы Спорт сарайының артындағы Үлбі жағалауы;
— Комендантка шағынауданы;
— Защита шағынауданы;
— Ахмер шағынауданы.
Шаралар сағат 21:00-ден 01:30-ға дейін жалғасады.
— Түнгі сағат 01:00-де барлық алаңда бір мезетте отшашу атылады, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінен

