back to top

ШҚО-да шығыс медицинасымен емделген зейнеткердің өкпесі тесіліп, шұғыл ота жасалды

Оқиға Выдриха ауылында орналасқан «Уба» санаторийінде болған. Зардап шеккен әйелдің қызының айтуынша, акупунктура сеансы кезінде анасы кенеттен қатты ауырсынуды сезінген. Алайда процедура жүргізген дәрігер бұл жағдайды асқыну деп бағаламай, науқасты жібере салған.

— Анам бірден денесі ауырсынғанын айтты, бірақ оған ешкім мән бермеді. Процедурадан кейін оны жай бөлмесіне жіберді, — дейді қызы.

Келесі күні әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Санаторий қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Алайда қызының сөзінше, медицина қызметкерлеріне науқастың бір күн бұрын инемен емделгені туралы хабарланбаған.

Өскеменге оралған соң әйел қайтадан жедел жәрдем шақырған. Рентгенологиялық тексеру барысында науқастың өкпесі тесіліп, пневмоторакс пайда болғаны анықталған.
Зейнеткер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер плевралық пункция жасап, өкпеден шамамен 1,5 литр ауа шығарған. Осылайша, оның жағдайы тұрақталып қалды.

Оқиғадан кейін әйел акупунктура жасаған дәрігерге қатысты полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып, медицина қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Новые статьи

Казахстанские ученые исследуют MXene-наноматериалы для накопления энергии нового поколения

Казахстанские ученые провели серию исследований и испытаний MXene – модифицированных двумерных наноматериалов с высокой электропроводностью, которые рассматриваются как перспективная основа для устройств накопления электрической...

В Астане обсудили развитие и регулирование агродронов в сельском хозяйстве Казахстана

В рамках международной выставки AgriTek состоялась панельная сессия «Агродроны: будущее сельского хозяйства и государственное регулирование», посвящённая вопросам внедрения беспилотных технологий в аграрную отрасль Казахстана. В...

В ДП ВКО обсудили вопросы совершенствования работы с несовершеннолетними

В Департаменте полиции Восточно-Казахстанской области состоялась межведомственная встреча по вопросам направления несовершеннолетних в специальные организации образования. Мероприятие прошло под председательством заместителя начальника ДП ВКО...

В Казахстане сохраняется положительное сальдо внешней миграции

В 2025 году в Казахстан прибыло 23 761 человек, тогда как число выбывших составило 7 608 человек. Положительное сальдо внешней миграции составило 16 153 человек....