back to top

ШҚО-да өңірді цифрлық басқарудың тетігі іске қосылады

Облыс орталығында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен Аймақтық талдау орталығының (АТО) таныстырылымы өтті.

Жобаны ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы әзірлеген. Жаңа цифрлық платформа өңірде не болып жатқанын нақты уақыт режимінде көрсетіп, биліктің қай тұста жедел араласуы қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Орталықтың басты мақсаты — мәселелерді мүмкіндігінше ертерек байқап, оларды жедел шешу. Жылумен қамту мен қоқыс шығару түйткілдерінен бастап, экология, су тасқыны, жол-көлік оқиғалары және төтенше жағдайларға дейінгі барлық бағыт қамтылған. Жылу, жол және мердігерлер жұмысы да онлайн бақыланады.

АТО-ның негізгі міндеттерінің бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қалалық ортаны бақылау. Қазіргі таңда жүйе онлайн режимде жылу көздерінің жұмысын, қоқыс шығару, қар тазалау және жол жөндеу бойынша мердігерлердің қызметін қадағалайды. Жылу көздеріне орнатылған датчиктер әр минут сайын температура, қысым, су шығыны және отын қоры туралы деректерді жіберіп отырады. Көрсеткіштер қалыпты деңгейден ауытқыса, жүйе бірден дабыл қағады. Сонымен қатар әзірлеушілердің айтуынша, тәуекелдерді анықтай алатын және дауыс арқылы нақты нысан жөнінде ақпарат беретін ЖИ-ассистент іске қосылған.

Бұл жүйе апаттарды күтпей, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қоқыс пен қар тазалау да толық бақылауда: техника қайда, қашан және қанша уақыт жұмыс істегенін, қандай көлемде қызмет көрсетілгенін, тұрғындардың шағымдары бар-жоғын көруге болады.

Пилоттық режимде 50 қоқыс алаңына QR-кодтар орнатылған. Тұрғындар қоқыс шығару жұмыстарының барысын көріп, кез келген заңбұзушылық туралы бірден хабарлай алады. Цифрландыру және архивтер басқармасының жоспары бойынша, бұл процесс халықты күттірмей, әлеуметтік желілерге шағым жазғызбай, жылдам жүзеге асады.

Экология да тәулік бойы бақылауда. Өскемен қаласында тұрғын аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарды қамтитын 25 автоматтандырылған ауа сапасын бақылау бекеті жұмыс істейді. Жүйе ауа сапасын 13 параметр бойынша үздіксіз өлшейді. Осылайша, ластану деңгейін нақты уақыт режимінде көруге болады. Бұл деректер мен болжамдарға негізделген экологиялық тәуекелдерді басқару үлгісі.

Су тасқыны, төтенше жағдайлар және қауіпсіздік – бір терезеде
АТО-да су тасқыны жағдайы, жол-көлік оқиғалары, қылмыстық ахуал, бейнебақылау камералары мен жедел қызметтердің деректері біріктіріліп, интерактивті панельдерге шығарылады.

Өңірде гидробекеттерді автоматтандыру да қолға алынды. Датчиктер су деңгейін, ағыс жылдамдығын және мұздың жай-күйін бақылайды. Осы деректер негізінде жасанды интеллект су тасқынын болжай отырып, қауіп-қатер туралы алдын ала ескерту жасай алады.
Келесі жылы облыста көпфункционалды ұшқышсыз ұшу аппараттары паркі іске қосылады. Олар:
жол-көлік оқиғаларын тіркеп, 3D-модельдер жасауға,
бұқаралық іс-шараларды бақылауға,
іздестіру-құтқару жұмыстарына,
жылу желілерін және қолжетімсіз аумақтарды бақылауға пайдаланылады.
Бұл дәстүрлі әуе мониторингіне қарағанда жылдам, арзан әрі дәл болады.

Тағы бір маңызды цифрлық шешім – тұрғындардың өтініштерін өңдеу.

«Енді АТО азаматтардың барлық өтініштерін 109 колл-орталығынан, әлеуметтік желілерден және онлайн платформалардан жинақтайды. Жүйе хабарламаларды өзі талдайды, қайталанатын өтініштерді анықтайды және ведомстволардың жай ғана “жауап беріп құтылуына” жол бермейді. Мақсат – әр өтініш тиісті мекемеге жетіп, нақты шара қабылдануы», – дейді әзірлеушілер.
ШҚО Аймақтық талдау орталығы – өңірлік «Деректер көлінің» негізгі элементі. Қазірдің өзінде жүйеде су тасқыны, әлеуметтік желілер және жылу көздері бойынша ЖИ-ассистенттер жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың қолданылу аясы басқа салаларға да кеңейтілмек.

Новые статьи

Бюджет Казахстана сохраняет социальную направленность — МНЭ

Сегодня расходы на социальную сферу составляют около 53% в структуре госбюджета. Об этом на пресс-конференции по итогам заседания Правительства сообщил заместитель Премьер-министра – министр...

За последние три года в Казахстане построено 622 школы и 633 поликлиники

Население Казахстана ежегодно увеличивается примерно на 250 тыс. человек, прирост в среднем 1,2%. Об этом на пресс-конференции по итогам заседания Правительства сообщил заместитель Премьер-министра...

В Казахстане планируется создание единой службы финансового омбудсмана

В целях формирования единого и последовательного механизма досудебного урегулирования споров между потребителями и финансовыми организациями Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка...

Ребенка из Риддера экстренно доставили в Усть-Каменогорск на вертолете МЧС

Пилоты Казавиаспас МЧС Сергей Пинигин и Леонид Калеканов совершили транспортировку ребенка на вертолете из города Риддер в Усть-Каменогорск для оказания экстренной медицинской помощи. На борту...