back to top

Өскеменде жаңа көпірдің құрылысы 2026 жылдың екінші тоқсанында басталуы мүмкін

Қазіргі таңда Өскемен қаласының орталығын сол жағалау ауданымен байланыстыратын жаңа көпірдің құрылыс жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа көпір қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешуде маңызды рөл атқармақ.

Облыс орталығында жыл сайын автокөлік саны артып келеді. Таңертең және кешке жолдарда жиі кептеліс болады. Жаңа көпір Меновное кентінде салынып, Серікбаев көшесіне қарай шығады.

— Қалада логистикалық жағдай күрделене бастады, сондықтан көпір құрылысы аса өзекті. Қазіргі таңда жоба әзірлену үстінде, жақын арада сараптамаға жіберіледі. Келесі жылдың екінші тоқсанында жоба толық дайын болады. Одан кейін қаржыландыру мәселесі қаралады. Егер бәрі сәтімен болса, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталуы мүмкін, — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көпірдің ұзындығы шамамен 834 метрді құрайды. Ол алты жолақты болады, әр жолақтың ені — 3,5 метр.

Новые статьи

В ВКО с начала зимы провели более 360 профилактческих мероприятий на льду

В рамках агитационно-профилактической акции «Мұз» проводится комплекс мероприятий, направленных на обеспечение безопасности граждан на водоёмах в зимний период. На сегодняшний день организовано более 10,5...

В Казахстане ограничат распространение противоправного контента

Сенат одобрил поправки по вопросам архивного дела и ограничения распространения противоправного контента В целях защиты детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию, законом...

Аким ВКО наградил тренеров спортсменов-участников V юношеских Азиатских параигр

Сегодня глава региона Нурымбет Сактаганов встретился со спортсменами, которые буквально недавно вернулись с V юношеских Азиатских параигр, в Дубае, где заняли призовые места. Пловцы...

Дроны и ИИ будут выявлять незаконную застройку в Казахстане

Государство внедряет цифровую экосистему, использующую дроны и алгоритмы ИИ для сопоставления фактической застройки с утвержденными генпланами. О переходе от «бумажного хаоса» к цифровому контролю...