Алтай ауданында 2029 жылға дейін 120 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Алтай ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 21,5 млрд теңге бюджет қаражатын және 121,8 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен өткен жылы Алтай қаласында 600 млн теңгеге демалыс орталығы салынып, Полянское ауылында 1075 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың құрылысы аяқталды. Биыл Серебрянск қаласында жылына 400 мың форель шабақтарын өсіретін цех ашылып, Ермаковка ауылында балық шаруашылығын кеңейту жұмыстары және аудан орталығында қысқы спорт түрлеріне арналған кешеннің құрылысы жүргізілуде», — деді аймақ басшысы.

Ауданда 12,8 мың бас ірі қара, 12,3 мың бас қой-ешкі 9,4 мың бас жылқы бар. Осы жылдың 10 айында барлық санаттағы шаруашылықтар 2,4 мың тоннадан астам ет өндірді. Ал өндірілген сүт көлемі 13,5 мың тоннаны құрап отыр.

Алтайда туристер үшін 115 орын тіркелген. Жыл басынан бергі туристер саны — 17,6 мың адам. Биыл Малеевск ауылындағы Хамир өзенінде демалыс базасының құрылысы аяқталды. Жаңа Бұқтырма кентінде «Мелада» демалыс базасын жаңғырту жұмыстары және Бұқтырма станциясында туристік жол бойындағы «Пристань» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Туризмді дамыту – бұл инфрақұрылым, жол, байланыс, қауіпсіздік, жол бойындағы сервис, тамақтану, қызмет көрсету сапасы. Біз осы мәселелерді шешумен жүйелі түрде айналысып келеміз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В Казахстане за два месяца выявили 201 коррупционное правонарушение

В июле и августе 2026 года служба по противодействию коррупции КНБ зарегистрировала 201 коррупционное правонарушение. Большая часть уголовных дел связана со взяточничеством, хищениями, мошенничеством, злоупотреблением...

В Усть-Каменогорске стартовал финальный тур чемпионата Казахстана по футболу среди юношей

В Усть-Каменогорске начался финальный тур чемпионата Казахстана среди юношей 2013 года рождения. За медали турнира борются восемь сильнейших команд страны, в том числе воспитанники...

ШҚО-да биыл 50-ге жуық адамның велосипеді ұрланған

Жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлығының 48 дерегі тіркелді. Оның ішіндегі 42 қылмыс ашылып, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды. - Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында...

ИИ-камера зафиксировала смертельное ДТП на трассе Астана Караганда Алматы

На 51-м километре республиканской трассы Астана - Караганда - Алматы произошло смертельное ДТП. Момент аварии зафиксировала камера с элементами искусственного интеллекта. По предварительным данным, автомобиль...