Нұрымбет Сақтағанов: «Заң мен тәртіп – ұран емес, өмір салты»

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXVI сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті нығайту қажеттігі туралы қатаң әрі нақты мәлімдеме жасады.

Қоғамда кез келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру қажет, ал «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы жергілікті деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Әкімнің айтуынша, қауіпсіздік, халықтың сенімі және мемлекеттік жұмыстың тиімділігі әрбір басшы мен мемлекеттік қызметшінің заң аясында әрекет етуге дайындығына тікелей байланысты.

Өңір басшысы ешбір құқықбұзушылық ескерусіз қалмайтынын атап өтті.

«Әріптестерімді тағы да ескертемін: кез келген дерек пен ақпарат тексеріліп, материалдар тиісті органдарға жолданады», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Еске сала кетейік, кеше анықталған заңбұзушылықтар үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді. Нұрымбет Сақтағанов барлық деңгейдегі басшыларды кәсіби этика мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, заң мен тәртіп – жай сөз емес, өмір салты екенін ерекше атап өтті.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске два человека пострадали в ДТП на улице Потанина

Авария произошла вечером 23 сентября на улице Потанина. По предварительным данным, водитель Lexus RX 330 при выезде со второстепенной дороги на главную не уступил...

В кинологическом центре полиции ВКО появились новые служебные собаки

Кинологический центр Департамента полиции Восточно-Казахстанской области пополнился щенками, которым предстоит пройти подготовку для работы в составе полицейских подразделений. При отборе собак учитывают выносливость, смелость, активность...

В Усть-Каменогорске дату начала отопительного сезона определят по погоде

Точную дату подключения отопления в областном центре пока не назвали. В АО «Шығыс Жылу» пояснили, что подачу тепла традиционно начинают, когда среднесуточная температура воздуха...

ШҚО-да үздік еңбек әулеттері марапатталды

Үйлердің жылы болуы, кәсіпорындардың жұмысы, көлік қозғалысы мен дастарқандағы азық-түлік мамандардың күнделікті еңбегіне байланысты. Өңірге олардың кәсіби білігі мен жауапкершілігі күн сайын қажет. Өскеменде...