Бұл туралы сот ісі облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Семей қаласындағы колледждердің біріндегі үшінші курс студенді психотроптық заттарды алдын ала айтылған жерлерге қойып кетіп жүрген. Осылай ол бір айдан астам уақыт бойы заңсыз табыс тапқан.
— Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмағанын және істің мән-жайын ескере отырып сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өз жазасын өтейді, — деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Абай облысында колледж студенті психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан


