back to top

Өскеменде ЖРВИ жұқтырғандар көбейгендіктен ата-аналарға балаларын ойын алаңына апармау ұсынылды

Қаладағы қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілмек. Бұған ЖРВИ жұқтырғандар санының күн санап өсіп бара жатқаны себеп болып отыр.
Қазіргі уақытта облыста инфекцияға 63 мыңнан астам адам шалдықса, оның жартысынан көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастар саны қала, аудандар ішінде Өскеменде ең көп тіркелген.
— Соңғы аптада эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Тұмаумен қатар паравирус, аденовирус, коронавирус та тарап жатыр. Білім беру ұйымдарында санитайзерлерді қайта қойып, санитарлық талаптардың орындалуын күшейту қажет. Әсіресе асханалар мен балалар ойын алаңдарын бақылау керек, — деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Осы ретте, ата-аналарға балаларын ойын алаңына апармау ұсынылды. Дәрігерлер тұрғындарға өз бетімен емделмей, ауру белгілері байқалған жағдайда бірден медициналық мекемеге жүгінуге кеңес берді.

Новые статьи

В прошлом году через механизм Европротокола оформлено 25 тысяч страховых случаев почти на пять миллиардов тенге

Агентство по регулированию и развитию финансового рынка Республики Казахстан напомнило автовладельцам о действующем упрощённом порядке оформления страховой выплаты по обязательному автострахованию — через механизм...

В ВКО провели обучающие семинары по подготовке и проведению республиканского референдума

С 23 по 27 февраля представители Восточно-Казахстанской областной комиссии референдума, совместно с филиалом Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, провели обучающие семинары. Семинары проведены...

ШҚО-да биыл туристік бағыттарға апаратын 110 шақырымнан астам жол жөнделеді

Бүгін Үкімет отырысында жол саласын дамыту жайы сөз етілді. Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасап, бұл бағытта өңірде атқарылып жатқан...

Казахстанцев призывают активнее участвовать в охране общественного порядка

В Казахстане усиливается работа по вовлечению граждан в профилактику правонарушений. Основанием служат статьи 45–47 Закона РК «О профилактике правонарушений», которые закрепляют права, обязанности и...