Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Ондағы мақсат — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу және өзге де табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу.
— Шара барысында полиция қызметкерлері табиғат қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп 297 рейд өткізді. Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 228 дерегі анықталды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Оның ішінде аңшылық ережелерін бұзу — 131, балық аулау ережелерін бұзу — 69 дерек, балық өнімдерін заңсыз тасымалдау — 1 дерек, жасыл желектерді заңсыз кесу немесе зақымдау — 4, өзге де құқықбұзушылықтар — 23 дерек.


