Осы жылдың ақпан айында алкогольді ішімдіктердің бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,4%-ға өсті. Атап айтқанда, сыра 15,3%-ға, шарап 10,2%-ға, арақ 5,8%-ға қымбаттады.
Өңірлер арасында бір жылда ең көп баға өсімі Түркістан облысында тіркелді (15,2%). Одан кейін Қарағанды (15%) және Батыс Қазақстан (14,8%) облыстары тұр. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 10 пайызды құрады. Алкогольді ішімдіктер бағасының ең аз өсімі Павлодар (2,2%-ға), Абай (5,4%-ға) және Жетісу (6,3%-ға) облыстарында байқалды.
Биылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольді ішімдіктерге қатысты 1,9 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға көп. Оның ішінде 1,7 мың іс Қазақстан Республикасының алкогольді ішімдіктерді өткізу заңнамасын бұзуға, 143-і алкогольді ішімдіктерді таңбалау ережелерін сақтамауға қатысты болып отыр.