back to top

Өскеменде жылу тапшы болса да, іргедегі шағын ауданның қазандығы толық пайдаланылмауда

Аблакетка шағын ауданындағы №3 қазандық 1982 жылы салынған. Оның жалпы қуаты 57,2 Гкал/сағ болса, қазір тек 17,4-і ғана пайдаланылып келеді. Яғни, бұл қазандық айтарлықтай аз жүктемемен жұмыс істеп тұр. Ал қала бойынша жылу тапшылығы 260 гигакалорияны құрайды.

— Аблакетка — қала іргесіндегі шағын аудан. Желілерді осы жаққа тарту көп шығынды талап етеді. Сондықтан жақын маңдағы жер үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу әлдеқайда тиімдірек, — деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімінен.

Десе де тұрғындардың өздері осы мүмкіндікті пайдалануға асығар емес. Бір жағынан үйлердің көбі магистральдық желілерден алыс орналасқандықтан өз беттерімен үйлерге құбыр тарту олар үшін қымбатқа түседі. Сондықтан азаматтар шығынды азайту үшін көршілерін күтіп отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Аблакетка шағын ауданындағы №3 қазандықтан №9 қазандыққа дейін жылу желісін тарту жобасы қарастырылып жатыр. Осылайша, Шлюзная көшесіндегі үйлер №3 қазандыққа көшіріліп, №9 қазандық жылу орталығына айналады. Бұл жүктемені қайта бөлуге және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

— Жылу желісі жобасы 2024 жылы іске асырыла бастады. Бірақ түзетулер енгізу үшін уақытша тоқтатылған. Әлі де оның егжей-тегжейін зерттеу қажет. Нақты айтқанда, қазандыққа қанша үйдің қосыла алатындығын, тұрғындарға қандай қолдау шараларын ұсынуға болатындығын және мұндай қадам қаншалықты нәтиже беретіндігін анықтау керек, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Казахстане впервые готовят административную амнистию

В Казахстане впервые в истории страны планируется введение административной амнистии. Об этом на заседании Правительства сообщил Премьер-министр Олжас Бектенов. По его словам, инициатива озвучена Президентом...

В Казахстане началась масштабная ревизия законодательства после принятия Конституции

В Казахстане стартовала масштабная работа по приведению законодательства в соответствие с новой Конституцией. Об этом на заседании Правительства сообщил министр юстиции Ерлан Сарсембаев. По его...

В Казахстане планируют активно внедрять ИИ в сферу обеспечения правопорядка

В Казахстане планируют активно внедрять технологии искусственного интеллекта в сферу обеспечения правопорядка. Об этом на заседании Правительства сообщил министр внутренних дел Ержан Саденов. По его...

В Казахстане создадут защитные лесные полосы для борьбы с деградацией земель

В Казахстане начнется работа по созданию системы защитных лесных полос и барьерных насаждений. Эти меры направлены на предотвращение деградации земель и борьбу с опустыниванием....