Еске сала кетсек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өткен жылдың соңында ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған. Бұл оңды шешім, себебі тәжірибесі толысқан Ольга спорттағы ауқымды мақсаттар мен жауапты міндеттерді анық түсінеді. Ол өз мансабында үш рет Олимпиада тұғырына көтерілді. 2012 жылы Лондонда алтын медаль тақса, Бейжіңде күміс алды (2008), ал Риода (2016) қола жүлдегер атанды.
Ольга өз сұхбатында бұқаралық спортты, оның ішінде балалар спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Спортқа практикалық тұрғыдан ғана емес, ғылыми тұрғыдан да қарап, жаңа чемпиондарды тәрбиелеу үшін ең заманауи және қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.