Қысқы оқу жылының жауынгерлік әзірлік аптасы өтуде

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі аясында жауынгерлік әзірлікке бағытталған жоспарлы іс-шаралар белсенді түрде өтіп жатыр. Әскери қызметшілер өздерінің кәсіби шеберлігін арттырып, жауынгерлік міндеттерді орындауға қажетті дағдыларды дамытуда.

Жауынгерлдік әзірлікті өткізудегі басты  мақсат – жеке құрамның әскери дайындығын жетілдіру және бөлімшенің жауынгерлік қабілетін арттыру. Бұл оқу процесінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есептоп бойынша орындалатын тапсырмаларын пысықтайды.

Қысқы оқу жылының жауынгерлік әзірлігі — бұл тек қана дайындық кезеңі емес, сондай-ақ әрбір жауынгердің жауынгерлік рухын көтеруге, ұжымдық әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік беретін маңызды кезең. Жауынгерлік дайындық барысында әскери қызметшілер күрделі ауа райы жағдайларында жаттығу өткізіп, қиын тапсырмаларды орындауға бейімделіп жатыр. Қыс мезгіліндегі оқу-жаттығу шаралары әскери қызметшілерге шынайы жағдайда өз міндеттерін орындау үшін қажет тәжірибе береді, – деді бөлім командирінің орынбасары подполковник Құрманғазы Муратбеков.

Дабыл бойынша тексеру кезінде бөлімшелер іс-қимылдарының үйлесімділігіне, әрбір жауынгердің өзінің ұрыстағы іс-әрекетін шебер орындауы және өзара байланыс пен басқару мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Жеке құрам жауынгерлік әзірлігін үнемі жоғары деңгейде орындау үшін барлық күш-жігерлерін жұмылдыруда. Бұл шаралар әскери тәртіп пен бірліктің нығаюына ықпал етіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

Новые статьи

В ВКО с начала года ликвидировали 590 объектов наркорекламы

В Восточно-Казахстанской области с начала года выявили и уничтожили 590 объектов наркорекламы и QR-кодов. По установленным фактам прокуратура возбудила пять уголовных дел по статье...

Победители проекта «10 читателей года» получат по 10 млн тенге

В Казахстане стартовал республиканский проект «10 читателей года», призванный повысить интерес к чтению и определить самых активных читателей страны. Проект начался 1 сентября с...

В полиции ВКО установили 1 874 камеры сплошного видеонаблюдения

В зданиях территориальных подразделений Департамента полиции Восточно-Казахстанской области действует система сплошного видеонаблюдения. Камеры установлены в служебных кабинетах, коридорах, дежурных частях, помещениях для допросов и...

В Казахстане обсудили адаптацию водного хозяйства к изменениям климата

В Казахстане состоялось девятое заседание Межведомственного координационного совета по Национальному диалогу о водной политике. В обсуждении приняли участие представители ООН, Германии, ОЭСР, Европейской экономической...