Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Білім бөлімі хабарлады.
Қазіргі уақытта екінші ауысымда оқитын балалар үйлеріне қайтарылып жатыр. 28 қарашада да 1-11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды. Бұндай шешімге екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуы себеп болып отыр.
Айта кетейік, Өскеменде 23 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан.