ШҚО-да «Серпiн» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам студент білім алды

«Серпін» бағдарламасы аясында жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден Шығыс Қазақстанға студенттер келуде. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да осындай 444 адам білім алып жатыр. Негізгі оқу бағыттары – педагогика, технология және тамақ өңдеу, ядролық физика.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның өңірдегі жобалық кеңсесінде болып, студенттермен әңгімелесті. Оның айтуынша, «Серпін» сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар жоғары оқу орны кадр тапшылығы сезілетін салаларға мамандарды оқытып, жұмысқа орналастыруды да жоспарлап отыр.

Жобаны жүзеге асырудың 10 жылында 1122 студент диплом алды. Олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 97% құрайды.

Түлектердің көбі университетті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстанда қалып, облыстың әртүрлі ұйымдарына жұмысқа орналасты. Жалпы өңірдегі жоғары оқу орындарында «Серпін» бағдарламасы бойынша 1500 мыңнан астам студент білім алған.

Новые статьи

ШҚО-да жылу электр орталықтарының жылыту маусымына дайындығы 98%-ға жетті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиын барысында 2026-2027...

В Восточном Казахстане смертность в ДТП снизилась на 37,8 процента с начала года

В Восточно-Казахстанской области за январь–август 2026 года число погибших в дорожно-транспортных происшествиях сократилось на 37,8 процента. Это наиболее заметное снижение показателя среди регионов Казахстана...

ШҚО-да 10 адамға «облыстың Құрметті азаматы» атағы берілді

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында белгілі болды. 🔰Жиынға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және...

Токаев обсудил с Wilo расширение производства и локализацию в Казахстане

В рамках официального визита в Германию президент Касым-Жомарт Токаев встретился с председателем правления группы компаний Wilo Group Оливером Гермесом. Стороны обсудили дальнейшее расширение присутствия...