ШҚО-да үш балықшы суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысында 3 балықшы Ертіс өзеніне батып кетті.

Оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылының маңында болған. Ертіс өзеніне балық аулауға барған үш ер адам қаза болды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдайға толық қатпаған мұздың үстіне шығу және құтқару кеудешелерінің болмауы себеп болған.

– Ертіс өзенінде жұқа мұзға шыққан үш балықшы суға батып кетті. Қаза болғандар 1984, 1960 және 1967 жылы туған азаматтар. Олар құтқару кеудешелерін кимеген. Марқұмдардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шықты, – делінген ақпаратта.

Осы ретте, Төтенше жағдайлар департаменті өңір жұртшылығына алғашқы аяз түскенде су айдындары мұз құрсана бастайтынын, алайда бұл мұз үстімен жүруге қауіпсіз дегенді білдірмейтінін ескертті.

Новые статьи

В Казахстане утвердили единый порядок реструктуризации просроченных кредитов

Агентство по регулированию и развитию финансового рынка утвердило новые правила рассмотрения заявлений заемщиков об изменении условий кредитования. Документ устанавливает единый порядок работы банков, микрофинансовых...

В Минтруда РК объяснили, как правильно пользоваться калькулятором оценки благосостояния

В мобильном приложении eGov Mobile работает «Калькулятор оценки благосостояния», с помощью которого получатели пособий могут предварительно определить уровень благополучия своей семьи. В Министерстве труда...

В ВКО проверили почти 17 тысяч получателей соцвыплат перед изменением правил господдержки

С 1 января 2027 года в Казахстане изменится порядок назначения отдельных государственных социальных пособий. Главный принцип реформы - помощь должна предоставляться с учетом реальной...

Опаснее всего – дома: каждый час пять женщин гибнут от рук партнеров и родственников

В 2025 году 47 тысяч женщин и девочек во всем мире были умышленно убиты своими интимными партнерами или членами семьи. Это в среднем 129...