Шемонаиха ауданында «Белес – 2026» байқауы жарияланды

Аудан әкімінің жыл сайынғы сыйлығы туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан тұрғындардың, еңбек ұжымдарының, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің еңбегін бағалауға арналған. Байқауда түрлі саладағы жоғары жетістіктер мен маңызды жобалар ескеріледі.

Шемонаиха ауданында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары байқауға 14 жастан бастап қатыса алады. Мекемелер мен ұйымдар, бизнес өкілдері, шаруа қожалықтары, бастамашыл топтар, волонтерлік бірлестіктер мен азаматтық белсенділер де байқауға шақырылады.

Бір үміткерді ең көбі екі аталымға ұсынуға болады.

* «Жыл серпілісі» – елеулі нәтиже берген тың идеяларды, заманауи технологияларды, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізгені үшін.
* «Туған жерді көркейтуші» – елді мекендерді абаттандырғаны, көгалдандырғаны, экологиялық бастамаларды іске асырғаны және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырғаны үшін.
* «Өзгеріс көшбасшысы» – қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырғаны, азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениетті дамытқаны және «Заң мен тәртіп» қағидаларын дәріптегені үшін.
* «Өсу нүктесі» – кәсіпкерлікті дамытқаны, жұмыс орындарын ашқаны, өндірісті кеңейткені және инвестициялық жобаларды іске асырғаны үшін.
* «Жылдың игі ісі» – қайырымдылық пен волонтерлік қызметі және өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсеткен көмегі үшін.
* «Аудан мақтанышы» – білім, ғылым, мәдениет, өнер және спорт бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі айтулы жетістіктері үшін.
* «Жылдың үздік оқушысы» – оқудағы жетістіктері, зерттеу жұмысы, бастамашылдығы және белсенді өмірлік ұстанымы үшін.
* «Еңбек адамы» – жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне кәсіби шеберлігі мен еңбектегі жоғары жетістіктері үшін.
* «Жыл отбасы» – отбасылық құндылықтарды нығайтқаны, балаларға өнегелі тәрбие бергені және дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізгені үшін.
* «Шемонаихада жасалған» – сапалы әрі сұранысқа ие жергілікті өнім шығарғаны, өз брендтерін дамытқаны және аудан өндірушілерінің тауарларын кеңінен танытқаны үшін.

Өтінімді презентация түрінде дайындап, онда жобаны, жетістіктер мен қол жеткізген нәтижелерді сипаттау қажет. Өтінімге жоба мен нәтижені растайтын есептерді, фотосуреттерді, бейнежазбаларды, БАҚ-тағы жарияланымдарды, тұрғындардың пікірлерін, мінездемелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ әлеуметтік желілерге сілтемелерді қоса тіркеу керек.

Өтінімдер мен құжаттарды ұйымдастыру комитеті белгіленген тәртіппен қабылдайды. Материалдардың қағаз нұсқасын және флеш-жадқа жазылған электрондық нұсқасын бірге тапсыру керек. Мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы тексерілген соң, материалдар қазылар алқасына жіберіледі.

Қазылар алқасының құрамына аудан әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ-тың өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар кіреді. Олар ұсынылған жобаларды қарап, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Қазылар нақты нәтижеге, жобаның қоғамдық маңызына және тұрғындарға тигізген пайдасына баса назар аударады. Жобаның ауқымы, оған жұмсалған қаражат көлемі және аудан өміріне әкелген өзгерісі ескеріледі.

«Белес – 2026» сыйлығының лауреаттарына мақтау қағаздары, мүсіншелер мен ақшалай сертификаттар табысталады. Олардың жетістіктері туралы ақпарат ауданның ресми ресурстарында және БАҚ-та жарияланады. Жеңімпаздар өз жобаларын облыстық және республикалық алаңдарда таныстыра алады.

«Белес» сыйлығы аудан өмірін жақсартып жүрген адамдарды көпшілікке таныстыруға мүмкіндік береді. Аудандағы оң өзгерістерге сол адамдардың бастамасы, кәсіби шеберлігі, туған жерге жанашырлығы мен күнделікті еңбегі негіз болады.

* Өтінім қабылдау – 20 қарашадан 6 желтоқсанға дейін.
* Қазылар алқасының өтінімдерді қарауы – 7–11 желтоқсан.
* Қорытынды шығару және марапаттау – 23 желтоқсан.

Құжаттар «Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.

Мекенжайы – Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 59.
Анықтама телефоны – 8 705 150 5873.

Новые статьи

Казахстан продлил запрет на вывоз стальных заготовок всеми видами транспорта

С 18 ноября 2026 года в Казахстане вновь введен шестимесячный запрет на вывоз стальных заготовок. Ограничение распространяется на все виды транспорта и охватывает продукцию...

В Казахстане промаркировали более 6,6 млн единиц моторных масел

В Казахстане нанесли свыше 6,6 млн цифровых кодов Data Matrix на моторные масла, смазочные материалы и специальные автомобильные жидкости. В системе зарегистрировано более 750...

Ученые ВКО разрабатывают отечественные импланты для травматологических операций

Специалисты Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева совместно с врачами Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова разрабатывают медицинские имплантаты для...

ШҚО-да биыл 600 келіден астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымға түсуге арналған 600 келіден астам есірткіні тәркіледі. Бұл тұтынушыларға жетуі мүмкін миллионға жуық бір реттік...