ШҚО-да биыл 600 келіден астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымға түсуге арналған 600 келіден астам есірткіні тәркіледі. Бұл тұтынушыларға жетуі мүмкін миллионға жуық бір реттік доза.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, биыл өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 242 қылмыс анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 116 дерек және есірткі жарнамасына қатысты 6 жағдай тіркелген. Сонымен қатар 13 жасырын фитозертхана мен синтетикалық есірткі өндіретін екі зертхана жойылды.

Ірі операциялардың бірі сәуір айында Глубокое ауданында жүргізілді. Тәртіп сақшылары оңтүстік өңірден келген азаматтар ұйымдастырған есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан 80 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

— Есірткі бизнесіне қарсы күрес интернет кеңістігінде де жалғасып жатыр. 779 есірткі сайты мен жалпы сомасы бір млрд теңгеден асатын 7 мыңнан астам шот бұғатталған. Құқық қорғау органдарына облыс тұрғындары да көмектесіп келеді. 2024 жылдың қараша айынан бастап өңірде есірткі бизнесіне қарсы күреске жәрдемдескен азаматтарды ынталандыруды көздейтін «Стоп-наркотик» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл тұрғындардан түскен хабарламалардың нәтижесінде екі қылмыстық іс тіркелді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Казахстане изменили правила расчета эффективной ставки по кредитам

С 30 ноября 2026 года банки и микрофинансовые организации будут применять обновленные правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения (ГЭСВ) по займам и микрокредитам. Новые...

Казахстан представил в ИКАО инициативы по подготовке кадров и развитию авиации

Казахстан поделился опытом подготовки новых специалистов, привлечения молодежи и расширения возможностей женщин в гражданской авиации на Второй встрече глобальных послов и лидеров инициатив Международной...

Делегация ВКО участвует в III Форуме работников сельского хозяйства в Астане

Представители Восточно-Казахстанской области принимают участие в III Форуме работников сельского хозяйства, который проходит в Астане. Регион представляет свои достижения и потенциал агропромышленного комплекса на...

В Казахстане изъяли 45 единиц незаконного оружия, гранаты и более 1,2 тысячи патронов

В октябре и ноябре 2026 года Комитет национальной безопасности совместно с полицией провел оперативно-розыскные мероприятия по пресечению незаконного оборота оружия. Они охватили Шымкент и...