Жол-көлік оқиғасы қаладағы Есенберлин даңғылы жағынан Меновное кентіне қарай бағытталған айналма жолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Lada 21725 автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде қарсы бағытта келе жатқан Lada 21214 көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі автокөлік соқтығысып, екінші көлік аударылып түсті.
Lada 21214 көлігінің жүргізушісі жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол медициналық мекемеге жеткізілді.
— Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

