Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында белгілі болды.
🔰Жиынға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.
«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы — аймақтың дамуына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін жоғары марапат. Биыл бұл атаққа өндіріс, кәсіпкерлік, мемлекеттік және қоғамдық қызмет, мәдениет, спорт, қайырымдылық және жергілікті өзін-өзі басқару салаларында еңбек еткен 10 адам лайық деп танылды.
Атап айтқанда, олардың қатарында:
- «Казцинк» ЖШС бас директорының кеңесшісі Тұрарбек Анарбекұлы Әзекенов;
- «Руда емес материалдар комбинаты» ЖШС құрылтайшысы Аден Резванович Гакаев;
- Қоғам қайраткері, «Казгипроцветмет» ЖШС президенті аппаратының басшысы Александр Васильевич Гречухин;
- Алтай ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Александровна Гречушникова;
- «ШҚО «Парыз» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының басшысы Советхан Бекқазыұлы Дүйсембаев;
- «ЭЛХОН» ЖШС, «Терезе» ЖШС және «Облшығысжол» ЖШС директоры Жанболат Байрахметұлы Қазанов;
- «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Тілекқызы Мамутова;
- VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты, бірқатар кәсіпорындардың құрылтайшысы Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов;
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков;
- «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Мырзақан Шәкенов бар.
Олардың әрқайсысы өз саласында ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, өңірдің дамуына үлес қосты. Бұл олардың еңбегіне берілген лайықты баға.

