Шығыс Қазақстан облысында 29 және 30 қыркүйекте күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі. Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 15-23 градус жылы болады. Таулы аймақтарда 8-13 градус шамасында сақталады. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы ықтимал.
Өскемен қаласында да жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 16-19 градусқа дейін көтерілсе, түнде 0-2 градус аяз болады.

